«Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2024» конкурсы
1С Қазақстан 2024 жылғы 9 қазанда «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2024» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) басталғаны туралы жариялайды.
Конкурсқа ҚР азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар – «ПРОФ» деңгейіндегі 1С:АТС Қазақстан пайдаланушылары, «Оңтайлы», «Кеңейтілген», «Бюджет», «БФБ», «1С:Қазақстанға арналған МИБ, ЖС, БК, СК, ПИК 1С:Бухгалтериясы. ПРОФ» тарифтері бойынша 1С:Fresh пайдаланушылары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушыларды бухгалтерлік және салықтық есепке алу, «1С:Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия») бағдарламасы мен 1С сервистерін пайдалану тақырыбындағы тестілеу, кейстер және әртүрлі тапсырмалар күтеді.
Конкурсқа қатысуға «1С:Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия») бағдарламасы бойынша өз білімін тексергісі, жаңа дағдыларды меңгеріп, 1С сервистері туралы білгісі келетін 1С пайдаланушылары шақырылады.
Конкурсқа қатысу – бұл кәсіби дағдыларды тексеру мен жаңа білім алу тәсілі ғана емес. Жанды шығармашылық атмосфераның арқасында қатысушылар іскерлік ортада жаңа адамдармен танысады, пікірлестермен қарым-қатынас жасайды, тәжірибе алмасады және «1С» кәсіпқойларының достық қоғамдастығының бір бөлігіне айналады. Қатысушыларды жаңа адамдармен танысу және әріптестерімен жақсы қарым-қатынас жасау күтеді.
Конкурс мынадай үш турда өткізіледі:
its.1c.kz ақпараттық ресурсында тестілеу түрінде онлайн-форматтағы алғашқы іріктеу туры (2024 жылғы 9 қазан – 2024 жылғы 15 қараша).
Астана, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Петропавл қалаларында көзбе-көз/офлайн форматтағы екінші тур (болжамды күні – 2024 жылғы 6 желтоқсан, дәл күні Конкурстың сайтында (thebest.1c.kz) көрсетіледі).
Астана қаласында көзбе-көз/офлайн форматтағы ақтық тур (болжамды күні – 2025 жылғы 6 ақпан, дәл күні Конкурстың сайтында (thebest.1c.kz) көрсетіледі).
Алғашқы іріктеу турының нәтижелері бойынша екінші турға 100-ден кем емес Конкурсқа қатысушы іріктеп алынады.
Екінші турдың қорытындысы бойынша финалға 10-нан кем емес Конкурсқа қатысушы іріктеп алынады.
Ақтық турдың қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз – 1, 2, 3-орын айқындалады.
КОНКУРСТЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ
1-орын – бас жүлде: автомобиль және «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2024» жеңімпазы атағы;
2-орын – 700 000 теңге және «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2024» конкурсының күміс жүлдегері атағы;
3-орын – 300 000 теңге және «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2024» конкурсының қола жүлдегері атағы.
Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстандағы «1С» сауда таңбасының өкілдігі – «ИнфоСофтПром» ЖШС болып табылады.
1С жетекші серіктестері Конкурс өткізілетін орталықтар болып табылады, Өткізілетін орталықтардың тізімі Конкурстың сайтында (thebest.1c.kz) жарияланған.
КОНКУРСТЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ
Конкурсқа қатысушыларды сервистік қолдау konkurs.its@1c.kz e-mail-і арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс бойынша егжей-тегжейлі ақпарат https://thebest.1c.kz/ сайтында.