1С үлгілі шешеімдеріндегі ISO20022 ауысуына байланысты төлем құжаттарының өзгерістерінің қолдау туралы


01.11.2024

2024 жылғы 11 қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 105 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде ISO 20022 халықаралық стандартын қолдануға көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес Төлем тапсырмасының және Жиынтық төлем тапсырмасының нысандарында өзгерістер қолданылады.

Көрсетілген өзгерістер келесі үлгілі шешімдерінде жүзеге асырылды:

  • 1С: Қазақстан үшін бухгалтерия 8, 3.0.60.1 нұсқасынан бастап.
  • 1С: Қазақстан үшін кешенді автоматтандыру, 2.4.5.7 нұсқасынан бастап.
  • 1С:Қазақстан үшін ERP кәсіпорынды басқару 2, 2.4.5.7 нұсқасынан бастап.
  • 1С: Қазақстан үшін жалақы және персоналды басқару, 3.1.2.11 нұсқасынан бастап.

«Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару», 1.3 ред, «Қазақстан үшін жалақы және персоналды басқару», 2.0 ред, «Қазақстан үшін cауда кәсіпорынды басқару», 2.0 ред. үлгілі шешімдерге осы өзгерістерді қолдаумен толықтырулар шығару 06.11.2024 бастап 11.11.2024 ж. дейін жоспарланған.

Төлем құжаттарының өзгерістері

2024 жылғы 11 қарашадан бастап колданылатын төлем құжаттарын нысандары (1С: Қазақстан үшін бухгалтерия 8 шешімінде) Төлем тапсырмасы (шығыс) (Платежное поручение (исходящее)) құжаттың немесе (1С: Қазақстан үшін кешенді автоматтандыру және 1С:Қазақстан үшін ERP кәсіпорынды басқару 2 шешімдерінде) Есептен шығару қолма-қол ақшасыз АҚ (Списания безналичных ДС) құжаттың мәзіріндегі  Басып шығару  (Печать) батырмасы бойынша қолжетімді.

Төлем тапсырмасының жаңа нысанында Нақты төлеуші туралы (міндеттемесін орындау мақсатында атынан төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылатын тұлға). Егер нақты төлеуші мен ақша жөнелтушінің айырмашылығы бар болса осы бағаны толтыру керек.

Үлгілі шешімдерде Нақты төлеуші туралы мәлімметтер Мөрдің деректемелері (Реквизиты печати) аттас еренсілтеме бойынша ашылатын нысанында толықтыруға болады.

Егер ақша жіберуші немесе бенефициар Қазақстан Республикасының резиденттері емес болса, сонда 2024 жылғы 11 қарашадан бастап осындай тұлғаның Резиденттік елі бағаны толтыру керек - Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес тиісті елдің екі әріптен тұратын кодты толтыру керек. Бұл ретте:

  • Егер ақша жіберүші немесе бенефициар заңды тұлға болып саналса, осындай заңды тұлғаның тіркеу елінің коды көрсетіледі.
  • Егер ақша жіберүші немесе бенефициар жеке тұлға болып саналса, осындай жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес азаматтық ел коды көрсетіледі.

Үлгілі шешімдерде ақша жіберушінің және бенефициардың резиденттік елі туралы мәліметтер ұйымының/контрагенттің резіденнтік ел туралы мәліметтері бойынша толтырылады.

Егер бенефициар резидент емес жеке тұлға болып саналса, төлем құжатының Резиденттік елі бағаның толтыруында осындай жеке тұлғаның азаматтық елі туралы мәліметтер пайдаланады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 105 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде ISO 20022 халықаралық стандартын қолдануға көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен 21 тармаққа енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 11 қарашадан бастап: «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, бірыңғай төлемді, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, жөнелтуші банкке жиынтық төлем тапсырмасын ұсынады

Жиынтық төлем тапсырмасының нысаны (1С: Қазақстан үшін бухгалтерия 8 шешімінде) Төлем тапсырмасы (шығыс) (Платежное поручение (исходящее)) құжаттың немесе (1С: Қазақстан үшін кешенді автоматтандыру және 1С:Қазақстан үшін ERP кәсіпорынды басқару 2 шешімдерінде) Есептен шығару қолма-қол ақшасыз АҚ (Списания безналичных ДС) құжаттың Басып шығару  (Печать) мәзірінде бойынша қолжетімді.

Swift-файлдағы өзгерістер

Төлем тапсырмасының нысандарына жаңа бағандарды енгізуіне сәйкес 1С фирманың Қазақстан үшін үлгілі шешімдерінде, міндетті зейнетақы аударымдары (МЗА), міндетті кәсіптік зейнетақы аударымдары (МКЗА), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ), әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар, жалақы және бірыңғай төлем төленетін төлем тапсырмаларынан түсірілетін Swift-файлының құрылымға өзгерістер енгізілді.

Swift файлының тақырыбына жаңа өрістер қосылды:

  • Нақты төлеушінің атауы және ЖСН/БСН (егер ол төлем құжатында болса) жаңа «:80:» бөлімде көрсетіледі.
  • Резидент емес жіберушінің мәліметтері резіденттік елінің кодымен толыктырылады /CTRYOFRES/.
  • Резидент емес бенефициардың мәліметтері резіденттік елінің кодымен толыктырылады /CTRYOFRES/.

Файлдың тізімдік бөлігінде қызметкерлер туралы мәліметтер бөліміндегі:

  • Резиденттік резиденттік белгісі /IRS/ өрісте көрсетіледі.
  • Экономика секторы /SECO/ өрісте көрсетіледі.
  • Резиденнтік елінің коды (резиденттер емес үшін ғана)  /CTRYOFRES/ өрісте көрсетіледі.

Swift файлының тақырыбындағы жаңа өрістер ISO 20022 форматының өрістерін қосу (Включать поля формата ISO 20022) опциясы ғана белгіленсе түсіріледі.

ISO 20022 форматының өрістерін қосу (Включать поля формата ISO 20022) параметрдің қолдануы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 105 қаулысың қолданысқа енгізуден бұрын емес (2024 жылғы 11 қарашадаң бұрын емес) ұсынылады. Опцияны қолданар алдында қызмет көрсететін банктің бағдарламалық жасақтамасында swift-файлдың жаңа форматын қабылдауға дайындығын нақтылау ұсынылады (бұл ақпаратты қызмет көрсететін банктен алуға болады).

Басқа механизмдердегі өзгерістер

Қазіргі уақытта 1С:ДиректБанктегі ISO 20022 сәйкес MX форматын қолдау мүдделі банктермен жұмыстары жүргізілуде. MX форматындағы хабарламаларды қолдайтын үлгілік шешімдердің жаңартуларын шығару туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

1С:Банк клиенті хабарламаларында алмасу форматтарын өзгертулері жоспарланбайды.


Тізімге оралу