«Black Friday» акциясы. «1С:Fresh» және «1С:БухОбслуживание» сервистеріне 50 % жеңілдікпен қосылуға үлгеріңіз


14.11.2024

Құрметті пайдаланушылар!

1С Қазақстан «1С:Предприятие 8 через Интернет» (1С:Fresh) және «1С:БухОбслуживание» сервистері бойынша «Black Friday» акциясын іске қосады.

Акция 2024 жылғы 25 қарашадан бастап 2024 жылғы 29 қарашаны қоса алғандағы кезеңде әрекет етеді.

«1С:БУХОБСЛУЖИВАНИЕ» СЕРВИСІ БОЙЫНША АКЦИЯНЫҢ МЕХАНИКАСЫ

2024 жылғы 25 қарашадан бастап 2024 жылғы 29 қарашаны қоса алғандағы кезеңде «1С:БухОбслуживание» франшизасына 50% жеңілдікпен қосылыңыз!

Акция өткізілетін кезеңде франшизаның құны әдеттегі 500 000 теңге бағасының орнына 250 000 теңгені құрайды.

1С:БухОбслуживание – бұл «1С» әзірлеген 1С:БО бірыңғай стандарты бойынша шағын бизнеске бухгалтерлік, салықтық және кадрлық қызметтер көрсететін «1С» фирмасы серіктестерінің желісі.

Бухгалтерия білімінде ақша таба бастаңыз, тұрақты бағадан екі есе төмен бағамен 1С:БухОбслуживание командасына қосылыңыз.

Акцияға қатысу үшін мына сілтеме арқылы нысанды толтырыңыз.

Егер акция бойынша кез келген сұрақтарыңыз туындаса, мына байланыстар арқылы хабарласыңыз: s.marketing@1c.kz, +7 7172 954240 (ішкі 135).

«1С:FRESH» СЕРВИСІ БОЙЫНША АКЦИЯНЫҢ МЕХАНИКАСЫ

2024 жылғы 25 қарашадан бастап 2024 жылғы 29 қарашаны қоса алғанда дейінгі кезеңде 12 айға «1C:Fresh» сервисіне «Оңтайлы» тарифі бойынша 50 % жеңілдікпен қосылыңыз. Акция бойынша егжей-тегжейлі есеп-қисаптар 1-кестеде келтірілген.

1-кесте

Артикулы

Акцияның атауы

Акциясыз ұсынылған бөлшек сауда бағасы

«Black Friday» акциясы бойынша ұсынылған бөлшек сауда бағасы 50 % ЖЕҢІЛДІК

ITSaaSKZ_BF_12

ITSaaS Black Friday 12 ай

110 000 теңге

55 000 теңге

Пайдаланушының «ITSaaS Black Friday 12 ай» тарифін төлеуі 29.11.2024 ж. күнінің соңынан кешіктірмей жүргізілуге тиіс.

«ITSaaS Black Friday 12 ай» тарифі бір рет қана ресімделуі мүмкін, ұзарту «1C:Fresh» сервисінің ұзарту кезіне қолданылатын тұрақты тарифтері бойынша жүзеге асырылады (https://1cfresh.kz/price).

«Black Friday» акциясына бұрын қатысқан пайдаланушылар қайта қатыса алмайды.

МАҢЫЗДЫ! Акциялық тарифті ресімдеген кезде мынадай шектеулер қолданылады:

  • ай сайынғы төлем көзделмеген;
  • акция бойынша ресімделген тарифтің күшін жоюға болмайды;
  • акция бойынша ресімделген тарифті басқасына ауыстыруға болмайды;
  • акция бойынша қайта есептеу көзделмеген;
  • апгрейдтер мен кеңейтулер акцияға кірмейді;
  • әдеттегі (акциялық емес) тарифтен көшу көзделмеген.

Акция басқа акциялық ұсыныстарға қосылмайды.

Ағымдағы акцияға қатысқан кезде басқа акцияларға қатысу қолжетімсіз болады.

Акцияға қатысу үшін пайдаланушы өзінің қызмет көрсетуші серіктесіне жүгінуі немесе https://1cfresh.kz/promo/ сайтында өтінім қалдыруы қажет.


Тізімге оралу