2024 – 2025 оқу жылына арналған «Оқу орны жанындағы СОО (Сертификатталған Оқыту Орталығы) үздік сертификатталған оқытушысы»
Қазақстандағы «1С» өкілдігі «Оқу орны жанындағы ССО (Сертификатталған Оқыту Орталығы) үздік сертификатталған оқытушысы» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды.
Жүлделер мен марапаттар:
- Оқытушыға ақшалай жүлде – 1 000 000 теңге.
- Ең төменгі балл жинағандардың барлығына Конкурсқа қатысушының сертификаты.
- Ұйымдастырушының сайтында және/немесе өзге де алаңдарында жариялау мүмкіндігі.
Оқу орындары үшін Конкурсқа қатысудың артықшылықтары. Оқытушының Конкурсқа қатысуы республикалық деңгейдегі оқу орындарына Орталық жұмысының тиімділігін бағалауға, оқытушылардың уәждемесін және оқу курстарының практикалық бағдарлануын арттыруға, бизнес-ортамен перспективалық ынтымақтастықтың негізін қалауға мүмкіндік береді.
Оқытушылар үшін Конкурсқа қатысудың артықшылықтары:
- бұл қызықты, оқу процесінде Қазақстанда кеңінен қолданылатын «1С:Кәсіпорын 8» бағдарламалық өнімдерін пайдалану бағыты бойынша білім беру саласындағы білімді бағалауға көмектеседі;
- Конкурсқа қатысушылардың конференцияларға қатысуға, іс-шараларды өткізуге және Конкурсты ұйымдастырушылардан консультациялар мен қолдау алуға мүмкіндігі бар;
- жүлде ақшалай баламада беріледі және 1 000 000 теңгені құрайды;
- бас жүлде мен марапат – өз күшіне деген сенімділік, жаңа білім мен дағдылар, пікірлестермен кездесу.
Оқу орындарын Конкурс өткізуді қолдауға шақырамыз:
- оқытушыларды Конкурс туралы хабардар ету;
- оқытушыларды қатысуға ынталандыру;
- оқытушылардың Конкурсқа байланысты белсенділігін қолдау.
Конкурс «Конкурс туралы ережеге және Бағалау өлшемшарттарына» сәйкес өткізіледі.
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Қазақстандағы ұйымдастыру комитеті: тел. +7 (7172) 95-42-40 (Астана қ.), электрондық пошта training@1c.kz.
2024 – 2025 оқу жылына арналған «Оқу орны жанындағы ССО (Сертификатталған Оқыту Орталығы) үздік сертификатталған оқытушысы»
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
- «Оқу орны жанындағы ССО (Сертификатталған Оқыту Орталығы) үздік сертификатталған оқытушысы» конкурсының ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, № 9 үй, F2 корпус мекенжайында орналасқан «ИнфоСофтПром» ЖШС-тің Қазақстандағы «1С» сауда маркасының өкілдігі болып табылады.
- Конкурсқа қатысуға ССО (Сертификатталған Оқыту Орталығы) курстарының желісі бойынша оқытушы сертификаты бар аттестатталған оқытушылар шақырылады.
- Конкурсқа қатысатын оқытушы «Жалпы және кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарының білім алушыларын сертификатталған оқыту туралы келісімге» қол қойылған оқу орнының жанындағы ССО-ға (Сертификатталған Оқыту Орталығына) бекітілген болуы тиіс.
- Конкурс 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 31 мамырды қоса алғанда Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі. Бұл ретте Конкурсқа оқытушы ССО оқытушысының сертификатын алғаннан кейін кез келген уақытта қосылуға болады. Балдар сертификат алған сәттен бастап есептеле бастайды.
- Қатысуға өтінімдер мынадай сілтеме бойынша қабылданады. Өтінімді тексергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекенжайға барлық талаптар сақталған жағдайда Конкурсқа қабылдау туралы ақпараты бар хат жіберіледі.
- Балдарды есептеу үшін орындалған жұмыс туралы есептерді training3@1c.kz e-mail-ге жіберу қажет.
- Конкурсқа қатысу үшін жоспарланған барлық белсенділік іс-шараларды ұйымдастырушылармен алдын ала training3@1c.kz. электрондық поштасы арқылы бекітіп алу қажет.
- Конкурсқа қатысу тегін.
- Жүлделі орын алу үшін ең аз ұпай саны – 60-тан кем емес.
- Жыл қорытындысы бойынша жүлдеге табыс салығын Ұйымдастырушы төлейді.
- Конкурстың барлық қатысушылары әдептілік нормалары мен әділ бәсекелестік қағидаттарын сақтауы тиіс.
- Конкурстың әрбір қатысушысы конкурстық тапсырманы дербес және жеке-дара орындайды.
- «Оқу орны жанындағы ССО (Сертификатталған Оқыту Орталығы) үздік сертификатталған оқытушысы» конкурсына қатыса отырып, қатысушылар Конкурс туралы ақпараттық материалдарды таратуды, ұйымдастырушының ресми парақшасында аралық есептер мен жарияланымдарды, қатысушылардың фото- және бейнематериалдарын дереккөздерде және Ұйымдастырушының қалауы бойынша мақсаттарда жариялауды қоса алғандағы, оның шарттарымен өз келісетіндіктерін растайды.
- Ұйымдастырушы кез келген уақытта Конкурс шарттарына өзгерістер енгізу немесе Конкурсты тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады. Енгізілген өзгерістер туралы ақпарат қатысушыларға электрондық хаттарды таратып жіберу арқылы өзгерістер күшіне енгенге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарланатын болады.
- Конкурсты өткізуге және жүлдені алуға байланысты даулы мәселелер туындаған жағдайда Ұйымдастырушы олар бойынша қабылдаған шешім түпкілікті болып табылады және дауласуға жатпайды.
- «1С» фирмасы сұраныс бойынша «Оқу орны жанындағы ССО (Сертификатталған Оқыту Орталығы) үздік сертификатталған оқытушысы» конкурсының ұйымдастырушылары туралы ақпаратты растайтын ресми хат ұсынуға дайын. Осы хатты алу үшін training3@1c.kz. поштасына хабарласыңыз.
2024 – 2025 оқу жылына арналған «Оқу орны жанындағы ССО (Сертификатталған Оқыту Орталығы) үздік сертификатталған оқытушысы»
КОНКУРСЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМШАРТТАРЫ ЖӘНЕ БАЛДАРДЫ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІ
Бағалау өлшемшарттары:
- Сертификатталған курстарды оқыту құқығына арналған сертификаттың болуы.
- «1С» фирмасының сертификатталған курстары бойынша оқытылған студенттер саны.
- 1С қоғамдастығының дамуына қосқан үлесі. ССО (Сертификатталған Оқыту Орталығы) жұмысын көрсету және білім беру ұйымдары арасында 1С білім беруді ілгерілетуге байланысты белсенділік іс-шаралары.
- Қарамағындағы студенттердің «1С:Кәсіпорын 8» бағдарламалық өнімдері бойынша жарыстардың финалына, хакатондарға, чемпионаттарға, конкурстарға және түрлі жарыстарға қатысуы.
- Қарамағындағы студенттердің «1С:Кәсіпорын 8» бағдарламалық өнімдері бойынша халықаралық конкурстарға, жарыстарға, чемпионаттарға және түрлі жарыстарға қатысуы.
- Іс-шараларды, конкурстарды, 1С:ССО (Сертификатталған Оқыту Орталығы) базасында жарыстарды ұйымдастыру.
Балдарды есептеу жүйесі:
- «1С:Кәсіпорын 8» бағдарламалық
өнімдері бойынша сертификатталған курстарды оқыту құқығына арналған сертификаттың болуы:
- оқыту құқығына арналған 1 сертификат – 10 балл;
- оқыту құқығына арналған 2 және одан да көп сертификат – 20 балл.
- 2024 жылғы
01 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 31 мамырға дейін >«1С» фирмасының
сертификатталған курстары бойынша оқытылған студенттер саны:
- 10-30 студент – 10 балл;
- 30-50 студент – 15 балл;
- 50-70 студент – 20 балл;
- 70-100 студент – 25 балл;
- 100 студент және одан жоғары
– 30 балл.
* Балдар тоқсан сайынғы есептерге сәйкес берілетін болады.
- 1С қоғамдастығын
дамытуға қосқан үлесі. ССО (Сертификатталған Оқыту Орталығы) жұмысын
көрсету және білім беру ұйымдары арасында «1С:Кәсіпорын
8» бағдарламалық өнімдері бойынша білім беруді ілгерілетуге
байланысты белсенділік іс-шаралары:
- «1С Қазақстан» компаниясының конференцияларына спикер ретінде қатысу – 5 балл.
- 1С байланысты тақырыптармен республикалық маңызы бар спикер ретінде конференцияларға қатысу – 10 балл.
- Білім
беру жүйесі үшін 1С
байланысты тақырыптар бойынша
спикер ретінде өзге де
іс-шараларға қатысу – 5
балл.
* Балдар әр іс-шара үшін есептеледі және ұсынылған есептерге, тұсаукесерлерге, бейнежазбаларға және фотоесептерге сәйкес тағайындалады. Тұсаукесерлерде «1С» компаниясының логотипін қолдану. Конкурсты ұйымдастырушыларды жоспарланған белсенділік іс-шарасы туралы алдын ала хабардар ету қажет.
- Қарамағындағы студенттердің «1С:Кәсіпорын
8» бағдарламалық өнімдері
бойынша жарыстардың финалына, хакатондарға, чемпионаттарға,
конкурстарға және түрлі жарыстарға қатысуы:
- Абсолютті жеңімпаз – 25 балл
- 1 орын – 20 балл
- 2 орын – 15 балл
- 3 орын – 10 балл
- Қатысу – 5 балл
* Балдар берілген есептерге, грамоталарға, тұсаукесерлерге, бейнежазбаларға және фотоесептерге сәйкес тағайындалады.
- Қарамағындағы студенттердің «1С:Кәсіпорын 8»
бағдарламалық
өнімдері бойынша халықаралық конкурстарға, жарыстарға,
чемпионаттарға және түрлі жарыстарға қатысуы:
- Абсолютті жеңімпаз – 25 балл
- 1 орын – 20 балл
- 2 орын – 15 балл
- 3 орын – 10 балл
- Қатысу – 5 балл
* Балдар берілген есептерге, грамоталарға, тұсаукесерлерге, бейнежазбаларға және фотоесептерге сәйкес тағайындалады.
- Іс-шараларды,
конкурстарды, 1С:ССО (Сертификатталған Оқыту Орталығы) базасында
жарыстарды ұйымдастыру.
- 1С:Жарыстардың өңірлік турын өткізу – 10 балл.
- 1С:Жарыстардың өңірлік турын облыс деңгейінде өткізу – 25 балл.
- «1С:Кәсіпорын
8» бағдарламалық өнімдері
бойынша өзге де конкурстар – 8
балл.
* Балдар ұсынылған есептерге, бейнежазбаларға және фотоесептерге сәйкес тағайындалады.