Жаңа жыл құтты болсын!
Құрметті «1С» пайдаланушылары!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2025 жылмен құттықтаймыз!
Осы жыл сіздерге ең асыл тілектеріңіздің орындалуын, жаңа мүмкіндіктерден болатын қуанышты және көптеген жағымды тосынсыйларды ала келсін.
Сізге және сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, отбасылық жылулық пен амандық тілейміз. Жұмысыңыз жетістіктерімен қуантсын, ал мансабыңыз жаңа биіктерге көтерілсін!
Жаңа жылда салықтық тексерулер айналып өтіп, заңнамадағы өзгерістер жұмысыңызды оңайлатсын, ал есептілік оңай әрі уақытында тапсырылсын.
Біз бухгалтерлік есепке алуды жүргізудегі кез келген сын-қатерлерді еңсеруге көмектесу үшін әрқашан жаныңыздамыз. Сенімдеріңіз үшін алғыс айтамыз және сізге жемісті, табысты әрі қуанышты жылды тілейміз!
2025 жылы сіздерді іс-шараларымызда қуана-қуана күтеміз, оларда пайдалы біліммен, жаңа шешімдермен және қарым-қатынас жасау жылулығымен бөлісетін боламыз!
Ізгі тілектермен, «1С Қазақстан» командасы.
Мереке күндері 1С Қазақстан жұмысының кестесі:
Жұмыс күндері:
- 2024 жылғы 30-31 желтоқсан,
- 2025 жылғы 5-6 қаңтар.
Демалыс күндері:
- 2025 жылғы 1,2,3, 4 және 7 қаңтар.
➤ 1C:Fresh сервисін техникалық қолда: сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін,
Сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін поштаға келіп түскен сұрау салулар өңделетін болады.
Байланыстар: support@1cfresh.kz
➤ 1C:БухОбслуживание (1C:БухҚызмет көрсету) сервисін техникалық қолдау:
Сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін, сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін поштаға келіп түскен сұрау салулар өңделетін болады.
Байланыстар: support@1cbo.kz
➤ lic@1c.kz поштасына келіп түскен лицензиялау бөлігіндегі өтініштерді өңдеу: 2025 жылғы 2 қаңтар 12:00-ден 13:00-ге дейін.