Бухгалтерлер мен басшыларға арналған XIV «1С» Форумы 2025 жылғы 7 ақпан
Құрметті «1С» пайдаланушылары!
Қазақстандағы «1С» өкілдігі сіздерді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіндегі (Салық кодексі) өзгерістерге және 2024 жылғы жылдық есептілікті тапсыру жөніндегі өзекті мәселелерге арналған бухгалтерлерге, қаржы директорларына, аудиторларға арналған XIV «1С» Форумына (бұдан әрі – Форум) шақырады.
Форум 2025 жылғы 7 ақпанда аралас форматта өтеді: ҚР басқа өңірлерінен қатысушылар үшін онлайн-трансляциямен Астана қаласында көзбе-көз форматта (офлайн).
Форумның жоспарланып отырған тақырыптары:
- 2026 жылы ҚР Салық кодексіндегі маңызды өзгерістер және 2025 жылы бухгалтерлер қай Салық кодексіне бағдарлануы қажет.
- 1С үлгілік шешімдерінде заңнаманың өзгерістерін қолдау.
- 2024 жылғы жылдық есептілікті дайындау бойынша өзекті мәселелерді жариялау.
- 2025 жылы ҚҚС пен ЭШФ бойынша өзгерістер. 2026 жылғы жаңа Салық кодексі шеңберінде ҚҚС бойынша өзгерістерге шолу.
- 2025 жылы салық төлеушілер үшін жаңа СЭИЖ ақпараттық жүйесін енгізу.
- Қазақстандағы арнайы салық режимдері: қолдану шарттары, режимдер арасындағы ауысулар, ҚҚС-ты есепке алу және 2025 – 2026 жылдарға арналған өзгерістер.
- Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау: 2025 жылы не жоспарланып отыр. ҚР-да қандай адамдар және қай кезеңнен бастап жалпыға бірдей декларациялауға кіреді.
- 1С шешімдеріндегі басқарушылық және регламенттелген есепке алу.
Форумда «2024 жылғы Қазақстандағы ең үздік 1С пайдаланушысы» конкурсының жеңімпазын жариялау және бас жүлде – Kia Picanto автомобилінің кілтін табыс ету, сондай-ақ конкурстың 2 және 3-орындарының жүлдегерлерін жариялау және ақшалай сыйлықтарды табыс ету жоспарланып отыр.
Тіркеу кезінде таңдауға мынадай ыңғайлы формат ұсынылады – онлайн немесе офлайн.
Көзбе-көз (офлайн) форматта қатысу үшін ПРОФ деңгейіндегі қолданыстағы «1С:АТС Қазақстан» шарты бар пайдаланушылар үшін және қолданыстағы «Кеңейтілген», «Оңтайлы», «Бюджеттік», «МИБ, ПИК, ЖС, БК, СК үшін ПРОФ» тарифтері бар 1С:Fresh пайдаланушылары үшін ғана 500 орын қолжетімді.
Бухгалтерлер форумына келудің 6 себебі
- КОНТЕНТ. Салық кодексіндегі өзгерістер туралы бірінші тұлғалардан білесіз.
- ПРАКТИКА. Әзірлеушілерге 1С шешімдері туралы сұрақтар қоясыз.
- ИННОВАЦИЯЛАР. 1С шешімдері мен сервистерінің жаңа мүмкіндіктері туралы білесіз.
- НЕТВОРКИНГ. Әріптестеріңізбен сөйлесесіз, жаңа таныстарды табасыз.
- ҚАТЫСУШЫ СЕРТИФИКАТЫ. 12 академиялық сағат көлемінде әдіснамалық материалды тыңдағаныңызды растайсыз.
- ЖАҒЫМДЫ БОНУСТАР. Серіктестер мен ұйымдастырушылардан сыйлықтар аласыз.
Тақырыптарды ашу үшін мемлекеттік мекемелер өкілдерінің, сертификатталған аудиторлардың, әзірлеушілердің, «1С» фирмасының үлгілік шешімдері әдіснамашыларының сөз сөйлеуі жоспарлануда.
Қатысушыларды тіркеу
- Қатысу алдын ала тіркелу бойынша тегін, трансляциясы бар сайтқа қол жеткізу тіркелген қатысушыларға ғана берілетін болады.
- Әрбір қатысушы 12 академиялық сағат көлемінде қатысқаны туралы сертификат алады.
- Көзбе-көз (офлайн) форматта қатысу ПРОФ деңгейіндегі қолданыстағы «1С:АТС Қазақстан» шарты бар алғашқы тіркелген 500 қатысушы үшін және «Кеңейтілген», «Оңтайлы», «Бюджеттік», «МИБ, ПИК, ЖС, БК, СК үшін ПРОФ» тарифтері бар 1С:Fresh пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді болады.
- Қатысушыларды 1c-forum.kz сайтында тіркеу.
- Сүйемелдеу шартының өзектілігін іс-шараға тіркелген кезде тексеруге болады.
- Тіркелген кезде пайдаланушыларда Форумның спикерлеріне сұрақтарды алдын ала жіберу мүмкіндігі бар.
- Іс-шараға тіркелу онлайн-формат үшін 2025 жылғы 4 ақпанға дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады, көзбе-көз форматта қатысуға тіркелу 500 қатысушы жиналған кезде 2025 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей жабылады.
Іс-шара туралы ақпарат пен өзекті бағдарлама 1c-forum.kz ресми сайтында қолжетімді.
Серіктестік шешімдердің вернисажы
Осы іс-шара шеңберінде «1С» Форумына қатысушыларға «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») жүйесінің бағдарламалық өнімдерінің жұмысын жеке көруге, сондай-ақ «1С» фирмасының серіктестерімен «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») негізінде автоматтандырудың күрделі мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін «Серіктестік шешімдердің вернисажы» ұйымдастырылады.
«Серіктестік шешімдердің вернисажы» жұмысының уақыты: сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін.
Егер қатысушылардың саны лимиттен асып кетсе, онда бірінші келгендерге басымдық берілетін болады. Қалған қонақтарға онлайн-форматқа қатысу ұсынылады. Біз мұны барлық қатысушылар үшін ыңғайлы жағдайларды сақтап қалу үшін істейміз!
Конференцияға қатысу және серіктестік бойынша жалпы сұрақтарды event@1c.kz мекенжайы бойынша жіберуге болады.
Онлайн-форматта қатысуға тіркелген қатысушыларға онлайн-трансляция өтетін сайтқа сілтеме тіркелген кезде көрсетілген электрондық мекенжайға келеді. Көзбе-көз форматта қатысуға тіркелген қатысушыларға іс-шараның өтетін орны туралы егжей-тегжейлі ақпарат та модерациядан кейін электрондық мекенжайға келеді.
Іс-шара туралы ақпарат және өзекті бағдарлама 1c-forum.kz сайтында жаңартылатын болады.
Конференцияға қатысу және серіктестік бойынша жалпы сұрақтарды event@1c.kz мекенжайы бойынша жіберуге болады.
Өткізілетін күні: 2025 жылғы 7 ақпан.
Іс-шараның басталуы: сағат 9:00-де.
Іс-шараның аяқталуы: сағат 18:00-де.
Форумда кездескенше!