«Введение в конфигурирование в системе «1C:Предприятие 8.3». Основные объекты» ("1C: Кәсіпорын 8.3" жүйесінде конфигурациялауға кіріспе". Негізгі нысандар") атты онлайн-курс 1С Қазақстан оқу орталығында 2024 жылғы 11-15 қараша аралығында
1С Қазақстан оқу орталығы оқу орындарының оқытушыларын «Введение в конфигурирование в системе «1C:Предприятие 8.3». Основные объекты» ("1C:Кәсіпорын 8.3" жүйесінде конфигурациялауға кіріспе". Негізгі нысандар") атты онлайн курсына шақырады.
Ұзақтығы: 24 академиялық сағат, 5 күндік онлайн-оқыту түрінде сағат 9:30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі.
Курстың құны: ынтымақтастық туралы шарты бар оқу орындарының оқытушылары үшін 7500 тг https://1c.kz/firm1c/.
Курстың құнына курстың тақырыбы бойынша электрондық әдістемелік материалдар қосылған.
Оқытудан кейін сертификатталған курсты тыңдағаны туралы бірыңғай үлгідегі «1С» фирмасының куәлігі беріледі.
Оқытуға өтінімді 1С Қазақстан сайтында немесе https://1c.kz/training/ сілтемесі арқылы беруге болады.
Қосымша, онлайн-курстан өткеннен кейін практикалық жұмысты орындауға және 72 академиялық сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру туралы сертификат алуға шақырамыз. Практикалық жұмыс теориялық білімді бекітуге және «1C:Предприятие 8» («1C:Кәсіпорын 8») платформасында ақпараттық жүйелерді құру бойынша шынайы міндеттерді пысықтауға бағытталған.
72 академиялық сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру туралы сертификат алу үшін практикалық жұмысты кемінде 80% нәтижесімен аяқтау қажет. Әрбір қатысушы келесі өлшемшарттар бойынша бағаланады:
- тапсырмаларды орындау дұрыстығы;
- бапталған ақпараттық жүйенің функционалдығы;
- алған білімін практикада қолдана алуы.
Практикалық жұмыс 2024 жылғы 15 – 25 қараша аралығында қашықтықтан жүргізіледі. Әрбір қатысушы бизнестің автоматтандыру бойынша нақты міндеттерін шешетін өзінің ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыс істейтін болады. Барлық тапсырмалар әртүрлі салалардағы 1С пайдаланушылары кездесетін шынайы сценарийлерді имитациялайтындай етіп әзірленеді. Сіз 1С жүйесінің негізгі объектілерін баптау жөніндегі міндеттерді шешесіз, құжаттарды, анықтамалықтарды, есептер мен өңдеулерді жасайсыз. Практикалық жұмыс 1С Қазақстан оқытушы әдіскерінің басшылығымен өтеді.
Практикалық жұмыс қосымша төленеді. Құны – ынтымақтастық туралы шарты бар https://1c.kz/firm1c/ оқу орындарының оқытушылары үшін 7 500 теңге.
Өтінім беру кезінде https://1c.kz/training/ практикалық жұмысты орындауға қатысу үшін ескертуде практикалық жұмысты орындауға қатысамын деп көрсету қажет.
Курс «1С:Предприятия 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесінде конфигурациялау бойынша мамандарды бастапқы даярлауға арналған. Объектілерге бағытталған жүйелердегі бағдарламалауды білетін және/немесе «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») жүйесінің бұрынғы нұсқаларында конфигурациялау тәжірибесі бар мамандарды оқыту үшін жіберу ұсынылады.
Оқыту мақсаты: «1С:Предприятия 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесінің негізгі нысандары мен тетіктері туралы шолу түсініктеме беру, күрделі емес кешенді міндеттер мысалында басқарылатын қосымша режимінде ("жұқа клиент") «1С:Предприятия 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесінде бастапқы конфигурациялау және бағдарламалау дағдыларын алу.
Оқудан өту нәтижесінде тыңдаушылар:
- «1С:Предприятия 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесін құрудың жалпы қағидаттарын түсінуі;
- «1С:Предприятия 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесін одан әрі зерттеу және игеру жолдарын таңдауы;
- «1С:Предприятия 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») ортасында жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгеруі тиіс.
Ұсынылған курс бойынша оқыту мамандарға «1С:Предприятияе 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесі объектілерінің құрылымы мен мақсатын түсінуге, білімі «1С:Предприятияе 8» («1С:Кәсіпорын 8») бағдарламалар жүйесінің технологиялық платформасында қолданбалы шешімдерді әзірлеу және өзгерту бойынша «1С:Специалист» («1С:Маман») емтиханында тексерілетін кейбір тақырыптарды қарастыруға көмектеседі.
Қысқаша мазмұны:
Кіріспе
Курстың мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламалық кешендегі жұмыстың жалпы қағидаттары
Жүйе объектілері:
- Конфигурация объектілерінің жіктелуі
- Деректер типтері
- Әмбебап мәндер жинақтары
- Кіріктірілген жүйе тілі
- Негізгі объектілер
- Тапсырманы белгілеу
- Іске қосу режимін айқындау
- Командалық интерфейс
- Константалар
- Анықтамалықтар
- Құжаттар
- Құжаттар журналдары
- Мәліметтер тіркелімдері
- Сипаттама түрлерінің жоспарлары
- Функционалдық опциялар
- Есепке алынатын объектілер
- Сұраулар
- Есептер
- Жұмыс үстелі
- Іріктеу өлшемшарттары
- Толтыруды өңдеу
- Нысанның әдістеріне жүгіну
- Қосымша
- Мәндерді сақтау (суреттермен жұмыс)
- Толық мәтінді іздеу тетігі
- Регламенттік тапсырмалар
Назар аударыңыз! Курстың бейнежазбасы 3 аптаға беріледі.
1С Қазақстан оқу орталығының байланыстары:
Сайт: http://1c.kz/,
Пошта: training@1c.kz,
Телефон: +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5)
Whatsapp: +8 708 921 87 72