"1С:ШҚҚЖ FLEX пайдалана отырып бизнес-процестерді жобалау" атты жаңа авторлық сертификатталған курс 2025 жылғы 2-3 шілде
1С Қазақстан Оқу орталығы сізді "1С:ШҚҚЖ FLEX пайдалана отырып бизнес-процестерді жобалау" онлайн-курсына шақырады.
Курстың сипаттамасы: курста тыңдаушылар 1С:ШҚҚЖ FLEX жүйесінің негізгі мәндерімен танысады және бизнес-процестерді модельдеудің негізгі қағидаттарын меңгереді. Қатысушылар конфигурация нысандарымен жұмыс істеуді, процестер ағашын құруды, процесс қадамдары мен олардың атрибуттарын сипаттауды, бизнес-процестерді визуализациялау үшін графикалық редакторды пайдалануды, сондай-ақ функционалды модельдерді әзірлеуді үйренеді.
Сондай-ақ курс шеңберінде талаптарды қалыптастыру және басқару, деректер ағындарын жобалау және интеграциялау мәселелері қарастырылады. Курс тыңдаушылары ұйымның қызметін оңтайландыру және өзгерістерді енгізуге дайындау үшін 1С:ШҚҚЖ FLEX мүмкіндіктерін қолдануды үйренеді.
Демонстрациялық базаға негізделген практикалық тапсырмалар алған білімдерін бекітуге және тұғырнама құралдарын тиімді игеруге мүмкіндік береді.
Курстың ұзақтығы: 10 академиялық сағат, 2-3 шілде аралығында 2 жұмыс күні, сағат 09:30-дан 13:30-ға дейін.
Курс тыңдаушыларына қойылатын талаптар:
- әртүрлі бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу қағидаттарын түсінуді қоса алғанда, ақпараттық технологиялар саласында базалық білімнің болуы;
- ұйымдардағы бизнес-процестердің негіздерін білу және оларды ақпараттық жүйелер тұрғысынан талдау қабілеті;
- 1С бағдарламалық өнімдерімен жұмыс тәжірибесі.
Курстың қысқаша мазмұны:
- Бағдарламамен танысу және 1С:ШҚҚЖ FLEX көмегімен ақпараттық жүйелерді жобалауға кіріспе – тұғырнаманың функционалдық мүмкіндіктерін шолу.
- Бизнес-процестерді жобалау – ШҚҚЖ FLEX-те бизнес-процестерді сипаттау тәртібі мен құрылымын зерттеу. Процестерді құруға арналған құралдарды талдау, сондай-ақ бизнес-процестердің диаграммаларын модельдеу.
- Ақпараттық ағындарды жобалау – бизнес-процестердің деректер ағындарын айқындау және модельдеу.
- Ақпараттық жүйенің функционалдық моделін жобалау.
- Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды жүргізу.
- ШҚҚЖ FLEX-те әзірлеуді жүргізумен танысу.
- Ақпараттық жүйелер арасындағы интеграцияны жобалау – әртүрлі ақпараттық жүйелер арасындағы интеграцияны сипаттау үшін қолданылатын нысандар мен тәсілдерді зерттеу.
- ШҚҚЖ FLEX жүйесінде сипатталған деректерді жүктеуді көрсету.
Курстың құны: серіктестер үшін – 90 000 тг. Аталған бағаға осы курс бойынша электрондық әдістемелік материалдар енгізілген.
Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға авторлық сертификатталған курстың тыңдалғаны туралы бірыңғай үлгідегі "1С" фирмасының куәлігі беріледі.
Назар аударыңыз! Курстың бейнежазбасы бір айға ұсынылады.
Оқуға өтінімдерді https://1c.kz/training/169993/ "1С" Қазақстан сайтында толтыруды: немесе training@1c.kz поштасы арқылы жіберуді сұраймыз.
Оқытуды ұйымдастырушы: "1С Қазақстан" өкілдігі.
Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5) телефоны, WhatsApp: +7 708 921 8772, e-mail: training@1c.kz арқылы хабарласу керек.