Бухгалтерлер мен басшыларға арналған XV «1С» форумы 2025 жылғы 12 желтоқсан


06.11.2025

Құрметті «1С» пайдаланушылары!

Қазақстандағы «1С» Өкілдігі сіздерді XV «1С» форумына (бұдан әрі – Форум) шақырады. Форум бухгалтерлерге, қаржы директорларына, аудиторларға арналған және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіндегі (Салық кодексі) өзгерістерге және 2025 жылғы жылдық есептілікті тапсыру бойынша өзекті мәселелерге арналады.

Форум 2025 жылғы 12 желтоқсанда аралас форматта өтеді: ҚР басқа өңірлерінен қатысушылар үшін онлайн-трансляциямен Астана қаласында көзбе-көз (офлайн).

Форумның жоспарланып отырған тақырыптары:

  1. 2026 жылы ҚР Салық кодексіндегі маңызды өзгерістерге шолу.
  2. 2026 жылы ЖТС: жаңа шегерімдер жүйесі, ЖТС бойынша мөлшерлемелердің прогрессивті шәкілі және басқа да өзгерістер.
  3. 2026 жылы барлығы КТС туралы: не өзгерді және бухгалтер неге назар аударуы керек.
  4. 2026 жылы қосылған құн салығы бойынша негізгі өзгерістер: ҚҚС 16%, ҚҚС-ты есепке жатқызу тәртібіндегі өзгерістер, ЭШФ-ті жазып беру тәртібіндегі өзгерістер және басқа да маңызды өзгерістер.
  5. 2026 жылы жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялауы.
  6. 2026 жылы көлік, жер және мүлік салығын есепке алудағы өзгерістер.
  7. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі: қолдану тәртібі, ауысу тәртібі және 2026 жылы салық салу ерекшеліктері.
  8. 2025 жыл үшін жылдық есептілікті тапсыру.

Форумда «Қазақстандағы ең үздік 1С пайдаланушысы 2025» конкурсының жеңімпазын жариялау және бас жүлде – Hyundai Elantra автомобилінің кілтін табыс ету, сондай-ақ конкурстың 2 және 3-орындарының жүлдегерлерін жариялап, ақшалай сыйлықтарды табыс ету жоспарланып отыр.

Тіркеу кезінде таңдауға ыңғайлы формат ұсынылады – онлайн немесе офлайн.

Көзбе-көз (офлайн) форматта қатысу үшін 650 орын қолжетімді. Ол ПРОФ деңгейіндегі қолданыстағы «1С:АТС Қазақстан» шарты бар пайдаланушылар үшін және «Кеңейтілген», «Оңтайлы», «Бюджеттік», «МИБ, ПИК, ЖС, БК, СК үшін ПРОФ» қолданыстағы тарифтері бар 1С:Fresh пайдаланушылары үшін ғана.

Бухгалтерлер форумына барудың 6 себебі

  1. КОНТЕНТ. Салық кодексіндегі өзгерістер туралы бірінші адамдардан білесіз.
  2. ПРАКТИКА. Әзірлеушілерге 1С шешімдері туралы сұрақтарыңызды қоясыз.
  3. ИННОВАЦИЯЛАР. 1С шешімдері мен сервистерінің жаңа мүмкіндіктері туралы білесіз.
  4. НЕТВОРКИНГ. Әріптестеріңізбен сөйлесесіз, жаңа адамдармен танысасыз.
  5. ҚАТЫСУШЫ СЕРТИФИКАТЫ. 12 академиялық сағат көлемінде әдіснамалық материалды тыңдағаныңызды растайсыз.
  6. ЖАҒЫМДЫ БОНУСТАР. Серіктестер мен ұйымдастырушылардан сыйлықтар аласыз.

Тақырыптарды ашу үшін мемлекеттік мекемелер өкілдерінің, сертификатталған аудиторлардың, әзірлеушілердің, «1С» фирмасының үлгілік шешімдері әдіснамашыларының сөз сөйлеуі жоспарлануда.

Қатысушыларды тіркеу

  • Қатысу алдын ала тіркелу бойынша тегін, трансляциясы бар сайтқа қол жеткізу тіркелген қатысушыларға ғана ұсынылады.
  • Әрбір қатысушы 12 академиялық сағат көлемінде қатысқаны туралы сертификат алады.
  • Көзбе-көз (офлайн) форматта қатысу ПРОФ деңгейіндегі қолданыстағы «1С:АТС Қазақстан» шарты бар алғашқы 650 тіркелген қатысушы үшін және «Кеңейтілген», «Оңтайлы», «Бюджеттік», «МИБ, ПИК, ЖС, БК, СК үшін ПРОФ» қолданыстағы тарифтері бар 1С:Fresh пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді болады.
  • Қатысушыларды тіркеу 1c-forum.kz сайтында.
  • Сүйемелдеу шартының өзектілігін іс-шараға тіркелген кезде тексеруге болады.
  • Тіркелу кезінде пайдаланушылардың Форум спикерлеріне сұрақтарды алдын ала жіберу мүмкіндігі бар.
  • Іс-шараға тіркелу онлайн-формат үшін 2025 жылғы 09 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін қолжетімді болады, көзбе-көз форматта қатысуға тіркелу 650 қатысушы жиналған кезде, бірақ 2025 жылғы 01 желтоқсаннан кешіктірмей жабылады.

Іс-шара туралы ақпарат пен өзекті бағдарлама 1c-forum.kz ресми сайтында қолжетімді.

Серіктестік шешімдердің вернисажы

Осы іс-шара шеңберінде «1С» форумына қатысушыларға «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») жүйесінің бағдарламалық өнімдерінің жұмысын жеке көруге, сондай-ақ «1С» фирмасының серіктестерімен «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») негізінде автоматтандырудың күрделі мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін «Серіктестік шешімдердің вернисажы» ұйымдастырылады.

«Серіктестік шешімдердің вернисажы» жұмыс уақыты: сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін.

Егер келген қатысушылардың саны лимиттен асып кетсе, онда бірінші келгендерге басымдық берілетін болады. Қалған қонақтарға онлайн-форматқа қатысу ұсынылады. Біз мұны барлық қатысушылар үшін қолайлы жағдайларды сақтау үшін істейміз!

Конференцияға қатысу және серіктестік бойынша жалпы сұрақтарды event@1c.kz мекенжайы бойынша жіберуге болады.

Онлайн-форматта қатысуға тіркелген қатысушыларға онлайн-трансляция өтетін сайтқа сілтеме тіркелу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайға келеді. Көзбе-көз форматта қатысуға тіркелген қатысушыларға іс-шараның өтетін орны туралы егжей-тегжейлі ақпарат та модерациядан кейін электрондық мекенжайға келеді.

Іс-шара туралы ақпарат және өзекті бағдарлама 1c-forum.kz сайтында жаңартылатын болады.

Өтетін күні: 2025 жылғы 12 желтоқсан.

Іс-шараның басталуы: сағат 9:00-де.

Іс-шараның аяқталуы: сағат 18:30-да.

Форумда кездескенше!



Тізімге оралу