Жұмыс кестесі
Құрметті «1С» пайдаланушылары!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен құттықтаймыз!
Осы жыл сіздерге ең асыл тілектеріңіздің орындалуын, жаңа мүмкіндіктерден болатын қуанышты және көптеген жағымды тосынсыйларды ала келсін.
Сізге және сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, отбасылық жылулық пен амандық тілейміз. Жұмысыңыз жетістіктерімен қуантсын, ал мансабыңыз жаңа биіктерге көтерілсін!
Жаңа жылда салықтық тексерулер айналып өтіп, заңнамадағы өзгерістер жұмысыңызды оңайлатсын, ал есептілік оңай әрі уақытында тапсырылсын.
Біз бухгалтерлік есепке алуды жүргізудегі кез келген сын-қатерлерді еңсеруге көмектесу үшін әрқашан жаныңыздамыз. Сенімдеріңіз үшін алғыс айтамыз және сізге жемісті, табысты әрі қуанышты жылды тілейміз!
2026 жылы сіздерді іс-шараларымызда қуана-қуана күтеміз, оларда пайдалы біліммен, жаңа шешімдермен және қарым-қатынас жасау жылулығымен бөлісетін боламыз!
Ізгі тілектермен, «1С Қазақстан» командасы.
Мереке күндеріндегі 1С Қазақстан жұмыс кестесі:
Жұмыс күндері:
- 2025 жылғы 31 желтоқсан, 09:00-13:00,
- 2026 жылғы 5-6, 8-9 қаңтар.
Демалыс күндері:
- 2026 жылғы 1,2,3, 4 және 7 қаңтар.
➤ 1C:Fresh сервисін техникалық қолда: сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін,
Сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін поштаға келіп түскен сұрау салулар өңделетін болады.
Байланыстар: support@1cfresh.kz
➤ 1C:БухОбслуживание (1C:БухҚызмет көрсету) сервисін техникалық қолдау:
Сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін, сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін поштаға келіп түскен сұрау салулар өңделетін болады.
Байланыстар: support@1cbo.kz
➤ lic@1c.kz поштасына келіп түскен лицензиялау бөлігіндегі өтініштерді өңдеу: 2026 жылғы 2 қаңтар 12:00-ден 13:00-ге дейін.