Қазақстан. "1С:Электронный документооборот для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы") сервисін өнеркәсіптік пайдалануға іске қосу, "1С:Клиент ЭДО для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА клиенті") бағдарламалық өнімін шығару, "1С:Библиотека электронного документооборота для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымының кітапханасы") шығарылымы


05.05.2026 "1С" фирмасының Қазақстандағы Өкілдігі осы ақпараттық хат жарияланған кезден бастап "1С:Электронный документооборот для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы") (бұдан әрі – "Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА") сервисінің өнеркәсіптік пайдалануға іске қосылғаны туралы жариялайды. 
Енді "1С:ЭДО для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА") сервисі "бұлтты" "1С:Бухгалтерия для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерияда") ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанға арналған "1С:Предприятие" ("1С:Кәсіпорын") үлгілік және салалық өнімдерінің қалған желісінде де қолжетімді. 
"1С:ЭДО для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА") сервисін пайдалану ыңғайлы болу үшін электрондық жеткізілім форматында "1С:Клиент ЭДО для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА клиенті") дербес бағдарламалық өнімі, сондай-ақ "1С:Предприятие" ("1С:Кәсіпорын") шешімдеріне пайдаланушының өз бетінше не 1С қызмет көрсетуші серіктесінің көмегімен кіріктіру үшін "1С:Библиотека электронного документооборота для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымының кітапханасы") стандартты кітапханасы да шығарылады.

ХАТТАҒЫ ЕҢ БАСТЫСЫ:

1. "1С:ЭДО для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА") сервисін өнеркәсіптік пайдалануға іске қосу
2. 1cfresh.kz сервисінде "1С:ЭДО для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА") сервисінің пилоттық кезеңінің аяқталуы
3. "1С:Электронный документооборот для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы") сервисінің құны және оны пайдалану шарттары
4. "1С:Клиент ЭДО (базовая) для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА клиенті (базалық)") бағдарламасын алу және пайдалану тәртібі
5. "1С:Библиотека электронного документооборота для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымының кітапханасын") пайдалану тәртібі
6. Техникалық қолдау

"1С:ЭДО ДЛЯ КАЗАХСТАНА" ("ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН 1С:ЭҚА") СЕРВИСІН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАЙДАЛАНУҒА ІСКЕ ҚОСУ

"1С:ЭДО для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА") сервисі — бұл "1С:Предприятие" ("1С:Кәсіпорын") кез келген бағдарламалық өнімінен тікелей немесе web-клиенттің көмегімен (кіріс құжатын алып, оған қол қоюға ғана мүмкіндік береді) Интернет арқылы заңдық маңызы бар электрондық құжаттармен алмасу сервисі. Сервис  барлық компаниялар – кез келген өлшем мен саладағы компаниялар үшін жарамды. "1С:ЭДО для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА") көмегімен пошта жөнелтілімдеріне, курьерлерге, қағазға және басқа да шығыс материалдарына жұмсалатын шығыстарды қысқартыңыз. Бұл сервис құжаттарды келісу және оларға қол қою процесін жеделдетуге және оңайлатуға да мүмкіндік береді. Пайдаланушылар құжаттармен жұмыс істеуге жұмсалатын уақытты да, оларды жіберуге жұмсалатын ақшаны да үнемдей алады. 
"1С:ЭДО для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА") сервисі шарттармен ғана емес, сонымен қатар, барлық басқа құжаттармен – салыстырып тексеру актілерімен, шоттармен, тапсырыстармен және т.б. алмасуға мүмкіндік береді. Сервиспен жұмыс істеу үшін ҚР ҰКО куәландырушы орталығы берген электрондық қолтаңба сертификаты (бұдан әрі – ЭЦҚ) және орнатылған NCALayer қосымшасы керек.
"1С:ЭДО для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА"-ны) пайдалану:
• ұйымдағы құжаттарды рәсімдеу және өңдеу процесін жеделдетуге, 
• қолмен енгізуді қысқартуға және қабылдаушы тараптағы қателердің санын азайтуға, 
• хат-хабарларды жеткізу бойынша шығыс материалдары мен қызметтерге жұмсалатын шығындарды азайтуға,
• компаниялар арасында құжаттармен алмасу жылдамдығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Электрондық құжаттармен алмасу кезінде пайдаланылатын ЭЦҚ электрондық құжаттарға заңдық маңыз береді және алмасуға қатысушыларға ақпаратты қағаз жеткізгіштерде қайталаудан бас тартуға мүмкіндік береді. 
"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең және мынадай шарттар орындалған кезде:
1. тіркеу куәлігі бар ашық кілттің көмегімен ЭЦҚ-ның төлнұсқалығы куәландырылғанда;
2. электрондық құжатқа қол қойған тұлға ЭЦҚ-ның жабық кілтіне заңды түрде иелік еткенде;
3. ЭЦҚ тіркеу куәлігінде аталған мәліметтерге сәйкес пайдаланылғанда;
4. Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталық ЭЦҚ-ны жасағанда және тіркеу куәлігін бергенде, бірдей заңдық салдарға алып келеді. 

"1С:ЭДО для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА") сервисін пайдалану үшін пайдаланушылар Оферта шартына қол қоюы қажет. 
Шарттың мәтінімен https://edo.1c.kz/publіc_offer/ сілтемесі арқылы танысуға болады.

"1С:ЭДО для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА") сервисі мынадай бағдарламалық өнімдерде қолжетімді:

- 1С:Бухгалтерия для Казахстана (Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия), 3.0.72 релизінен бастап
- 1С:Документооборот КОРП для Казахстана (Қазақстанға арналған 1С:Құжат айналымы КОРП), 3.0.18 релизінен бастап
- 1С:Клиент ЭДО для Казахстана (базовая) (Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА клиенті (базалық)), 1.0.10 релизінен бастап

Қолдау көрсетілетін конфигурациялардың тізбесі толықтырылатын болады.

1CFRESH.KZ СЕРВИСІНДЕ "1С:ЭДО ДЛЯ КАЗАХСТАНА" ("ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН 1С:ЭҚА") СЕРВИСІНІҢ ПИЛОТТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ АЯҚТАЛУЫ

Бұған дейін "1С" фирмасының Қазақстандағы Өкілдігі "1С:Бухгалтерия для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия") "бұлтты" нұсқасында "1С:Электронный документооборот для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы") сервисі "Пилотының" басталғаны туралы жариялаған болатын (https://1c.kz/news/detaіl/162142/)
Осы ақпараттық хатпен "1С" фирмасының Қазақстандағы Өкілдігі пайдаланушылар мен серіктестерге 2026 жылғы 01 маусымнан бастап 1cfresh.kz сервисінде "1С:Электронный документооборот для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы") сервисінің "пилоттық" кезеңінің аяқталатыны туралы хабар береді. Көрсетілген мерзімге дейін "пилотқа" қатысқан пайдаланушылар сервистен бұрын жіберілген электрондық құжаттарды жүктеп түсіруі қажет, архивтік деректер 2026 жылға 31 желтоқсанға дейін https://old-edo.1c.kz  мекенжайы бойынша ЭЦҚ кілтімен авторлану кезінде қолжетімді болады.

"1С:ЭЛЕКТРОННЫЙ ДОКУМЕНТООБОРОТ ДЛЯ КАЗАХСТАНА" ("ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН 1С:ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ") СЕРВИСІНІҢ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ

"1С:Электронный документооборот для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы") сервисіне кез келген санаттағы қолданыстағы сүйемелдеу шарты бар "1С:Предприятие" ("1С:Кәсіпорын") бағдарламалық өнімдерінің тіркелген пайдаланушылары, сондай-ақ Қазақстандағы "1С:БухОбслуживание" ("1С:БухҚызмет көрсету") бағытының клиенттері мен серіктестері қосыла алады. Сервисті пайдалануды бастамас бұрын пайдаланушы жария офертаның шарттарымен танысып, оларды қабылдауға тиіс https://edo.1c.kz/publіc_offer.

ТЕСТІЛІК КЕЗЕҢ

Бағдарламалық өнімдерді пайдаланушылар "1С:Электронный документооборот для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы") сервисін танысу үшін 30 күн мерзімге қоса алады. 
Тестілік тарифті Ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу порталы пайдаланушысының жеке кабинетінде (https://portal.1c.ru/applіcatіon/lіst/1C-EDOKZ) қосуға болады.

ТЕГІН ПАЙДАЛАНУ

ПРОФ деңгейіндегі сүйемелдеу шартының болуы (1С:АТС Қазақстан ПРОФ, 1С:АТС Қазақстан БЮДЖЕТ ПРОФ, ІTSaaS Бюджет, ІTSaaS Оңтайлы, ІTSaaS Кеңейтілген және оларға теңестірілген) "1С:Электронный документооборот для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы") сервисіне 1 ұйымды (1 БСН немесе 1 ЖСН) қосымша ақы төлеусіз қосуға мүмкіндік береді.

АҚЫЛЫ ПАЙДАЛАНУ

"1С:Предприятие" ("1С:Кәсіпорын") бағдарламалық өнімінің тіркелген пайдаланушысына "1С:Электронный документооборот для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы") сервисіне сүйемелдеу шартының тарифтік жоспары бойынша ұсынылатын көлемнен тыс қосымша ұйымды қосу қажет болған жағдайда, қолда бар сүйемелдеу шартына немесе "1С:Предприятие через Интернет для Казахстана" ("Қазақстанға арналған Интернет арқылы 1С:Кәсіпорын") сервисінің (1cfresh.kz) тарифіне қосымша ілеспе серіктестен сервистің пакеттерін сатып алу қажет болады. 
Жіберілген құжаттардың саны және орын алатын дискілік кеңістік бойынша тарифтеу қазіргі кезде жүргізілмейді. "1С:Электронный документооборот для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы") сервисінің тарифтеу шарттарындағы өзгерістер туралы алдын ала хабарланатын болады.

Артикулы

Номенклатураның атауы

Ұсынылған бөлшек сауда бағасы, теңге, 16% ҚҚС

ЭҚА_Қазақ_1_12

1С:Электронный документооборот для Казахстана (Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы) сервисіне қол жеткізу құқығы. 1 ұйым 12 айға

42 000


"1С:КЛИЕНТ ЭДО (БАЗОВАЯ) ДЛЯ КАЗАХСТАНА" ("ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН 1С:ЭҚА КЛИЕНТІ (БАЗАЛЫҚ)") БАҒДАРЛАМАСЫН АЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

"1С:Клиент ЭДО (базовая) для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА клиенті (базалық)") бағдарламасы Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен ұйымдарында заңдық маңызы бар электрондық құжат айналымын (ЭҚА) ұйымдастыруға арналған. 

"1С:Клиент ЭДО (базовая) для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА клиенті (базалық)") электрондық жеткізілім түрінде таратылады. "1С:Клиент ЭДО (базовая) для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА клиенті (базалық)") бағдарламасын алу үшін 1С:АТС порталындағы пайдаланушының жеке кабинетінде өтінімді толтыру қажет (https://portal.1c.ru/software қараңыз). Осыдан кейін тіркеу нөмірін, өнімді белсенді етуге арналған пин-кодты, сондай-ақ дистрибутивті, құжаттаманы және осы өнімнің құрамында көзделген басқа да материалдарды жүктеп алуға арналған сілтемені қамтитын өнімді электрондық жеткізу жиынтығы пайдаланушының жеке кабинетінде пайда болады. 
Тіркелген пайдаланушылар үшін "1С:Клиент ЭДО (базовая) для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА клиенті (базалық)") бағдарламалық өнімінің дистрибутиві мен жаңартулары https://portal.1c.ru/ порталында қосымша ақы төлеусіз қолжетімді.

"1С:Клиент ЭДО (базовая) для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ЭҚА клиенті (базалық)") бағдарламасының бұл жеткізілімі бір пайдаланушы режимінде ғана жұмыс істеуге мүмкіндік береді, конфигурацияға өзгерістер енгізу қолжетімсіз. 
Бағдарламалық өніммен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық электрондық жеткізілімге кіреді, сондай-ақ 1С:АТС Қазақстан ақпараттық жүйесінің сайтында https://іts.1c.kz/db/edokz сілтемесі арқылы қолжетімді.

"1С:БИБЛИОТЕКА ЭЛЕКТРОННОГО ДОКУМЕНТООБОРОТА ДЛЯ КАЗАХСТАНА" ("ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН 1С:ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫН") ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

"1С:Библиотека электронного документооборота для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымының кітапханасы") — бұл электрондық құжаттармен алмасу функционалдығын "1С:Предприятие 8.3" ("1С:Кәсіпорын 8.3") платформасында әзірленген әртүрлі қолданбалы шешімдерге кіріктіруге арналған арнайы конфигурация. 

"1С:Библиотека электронного документооборота для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымының кітапханасы") дистрибутивін қолданыстағы 1С:АТС Қазақстан шарты бар "1С:Предприятие 8" ("1С:Кәсіпорын 8") жүйесінің тіркелген пайдаланушылары "1С:Обновление программ" ("1С:Бағдарламаларды жаңарту") сервисінің сайтында (https://releases.1c.ru/) ала алады.

"1С" фирмасының Қазақстандағы Өкілдігі қолданыстағы 1С:АТС Қазақстан сүйемелдеу шарты бар ПРОФ нұсқасындағы "1С:Предприятие 8" ("1С:Кәсіпорын 8") жүйесінің пайдаланушыларына өздерінің автоматтандыру міндеттерін шешу үшін "1С:Библиотека электронного документооборота для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымының кітапханасын") қосымша ақы төлеусіз пайдалануға рұқсат береді.

"1С:Библиотека электронного документооборота для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымының кітапханасын") пайдаланатын қолданбалы шешімдерді тираждау кезінде "1С" фирмасының "1С:Предприятие 8" ("1С:Кәсіпорын 8") жүйесіне авторлық құқықтары сақталуға тиіс. Атап айтқанда, мұндай қолданбалы шешімдерді пайдалануға пайдаланушының құқыққа сыйымды түрде сатып алынған "1С:Предприятие 8" ("1С:Кәсіпорын 8") негізгі жеткізілімі болған кезде ғана жол беріледі. Тираждық шешімнің "1С:Библиотека электронного документооборота для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымының кітапханасын")  пайдалана отырып әзірленгені туралы ақпарат:
• осы қолданбалы шешімді сипаттайтын негізгі веб-бетте; 
• қолданбалы шешім бойынша құжаттамада кіріспеде немесе кіріспеге дейінгі беттерде;
• жаңа шешімнің шығарылуымен бірге жүретін баспасөз релиздері мен ақпараттық хабарларда көрсетілуге тиіс.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

"1С:Электронный документооборот для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы") сервисін қолдауды серіктестер және "1С" фирмасының консультациялар желісі edo@1c.kz электрондық поштасы арқылы қамтамасыз етеді. Өтініш берген кезде 1С бағдарламалық өнімнің тіркеу нөмірін, Интернет-қолдау логинін, ұйымның БСН-ін көрсету қажет. "1С:Предприятие через Интернет для Казахстана" ("Қазақстанға арналған Интернет арқылы 1С:Кәсіпорын") сервисін пайдаланушылар (1cfresh.kz) абоненттің нөмірі мен ұйымның БСН-ін көрсетеді. 
2900003994321 "1С:Клиент ЭДО. Электронная поставка для Казахстана. Базовая версия" ("1С:ЭҚА клиенті. Қазақстанға арналған электрондық жеткізілім. Базалық нұсқа") бағдарламасын қолдау пайдаланушыда "1С:Предприятие" ("1С:Кәсіпорын") жүйесінің кез келген бағдарламалық өнімдеріне ресімделген қолданыстағы 1С:АТС Қазақстан сүйемелдеу шарты болған кезде ғана жүзеге асырылады. 
"1С Қазақстан" фирмасының консультациялар желісіне жүгінген кезде 1С:АТС Қазақстан сүйемелдеу шарты ресімделген өнімнің тіркеу нөмірін көрсету қажет.

Тізімге оралу