Қазақстандағы 1С шешімдері мен сервистерінің инфрақұрылымы тек Қазақстан Республикасының аумағындағы серверлерде орналасқан


12.10.2026

Қазақстандағы 1С пайдаланушылары мен серіктестері!

«Яндекс» және «Яндекс Қазақстан» компаниялары тап болған қиындықтарға байланысты Қазақстандағы 1С сервистерінің сенімділігіне алаңдаушылық білдіріп отырғандарыңызды түсінеміз.

Ресми түрде хабарлаймыз: 1С-тің Қазақстандағы бүкіл инфрақұрылымы – 1С:Fresh сервисіне арналған бұлттық инфрақұрылым да, жергілікті инфрақұрылым да тек Қазақстан Республикасының аумағындағы жергілікті серверлерде орналасқан.

Үлгілік бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және оларға қолдау көрсету жұмыстарын Алматы, Өскемен, Астана, Қарағанды, Қостанай және басқа да қалалардағы қазақстандық әзірлеушілер жүзеге асырады.

Қазақстандағы 1С технологиялары мен сервистерін пайдаланатын кәсіпорындардың алаңдауына негіз жоқ.

«Яндекс» компаниясындағы әріптестерімізге сервистерінің жұмысы тез арада толық қалпына келуін тілейміз.


Тізімге оралу