1С Білім беру орталығы
1С Білім беру орталығы – бұл "1С" фирмасының бөлімшесі, оның негізгі мақсаты серіктес фирмалар мен пайдаланушылар мамандарының білім беру қызметін жүргізу болып табылады.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
- серіктес фирмалар мен пайдаланушылардың мамандарын курстық оқытуға тарту, тыңдаушылардың серіктестік және клиенттік базасын кеңейту;
- 1С:Франчайзи серіктестерінің оқытуға деген қажеттіліктерін анықтау, Қазақстанда ұсынылатын курстар мен тренингтерді дұрыс таңдауды қалыптастыру;
- тыңдаушылар тарапынан сұранысқа ие жаңа курстарды әзірлеу және сертификаттау;
- тыңдаушыларды сапалы оқытуды қамтамасыз ету;
- емтихандарды тапсыруға дайындау, "1С:Кәсіпқой", "1С:Маман", "1С:Консультант маман" сертификаттауларын ұйымдастыру және өткізу;
- СОО сертификатталған курстарының оқытушыларын даярлау;
- ЖОО-лармен және колледждермен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
- "Бағдарламашылар клубы" жобасын – ҚР аумағындағы мектеп оқушыларына арналған курстарды іске қосу және дамыту.
Мекенжайы: Астана қаласы, Байтұрсынов көшесі, 9 (HighVill ТК), F2 блогы, 2-қабат (кіретін жері Байтұрсынов көшесі жағынан). Жол жүру схемасы
1С курстары мен емтихандарына өтінімдеріңізді күтеміз:
1. Сайт арқылы – келтірілген тізімнен іс-шараны таңдап, өтінім нысанын толтырыңыз;
2. +7 (7172) 95-42-40 (қос. 5) телефоны арқылы;
3. training@1c.kz поштасы арқылы.