Сертификаттау не береді


Пайдаланушыға

  • Жоғары біліктілігін, басқару мен есепке алуды автоматтандырудың ең бұқаралық бағдарламаларымен жұмыс істеудің тәжірибесі мен дағдыларын ресми растау.
  • Қызмет бабында жоғарылаған немесе жұмысқа орналасқан кездегі артықшылықтар.
  • Басшылық пен қызметкерлерді құрметтеу және сенім білдіру.
  • Өз білімі мен қабілеттеріне деген сенімділік.

Кәсіпорынға

  • Қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған, оларды қызмет бабында жоғарылатқан немесе көтермелеген кезде кәсіби қабілеттерін бағалаудың объективті өлшемшарттары.
  • Бухгалтерия мен сауда қызметтерінің қызметкерлерін оқытуға және дайындауға кететін уақыт пен қаражат шығындарды азайту.
  • Кәсіпорын жұмысының сапасын арттыру, тәуекелдер мен проблемаларды барынша азайту.

«1С:Кәсіпқой» сертификаты өз иесінің мыналарға мүмкіндік беретін білімі мен дағдылары бар екенін растайды:

  • «1С:Кәсіпорын» желісінің бағдарламалық өнімін орнату және жұмысқа дайындау.
  • Автоматтандыру бағдарламалары мүмкіндіктерінің бүкіл спектрін пайдалану есебінен, тұтастай алғанда, кәсіпорынды басқару, оның бухгалтериясының, кадр қызметі мен сауда бөлімдерінің тиімділігін, есепке алуды жүргізу жеделдігі мен сапасын арттыру.
  • Бухгалтерлік, қаржылық, сауда-қоймалық ақпаратпен жұмыс істеудегі қателерді болғызбау, ішкі және сыртқы есептілікті дайындауға жұмсалатын уақытты қысқарту.
  • Заңнамада немесе есепке алу әдістемесінде өзгерістер болған кезде бағдарламаны дербес баптау.
  • Жүйенің бос тұрып қалу уақытын барынша азайту және оны қолдауға жұмсалатын жалпы шығындарды қысқарту.
  • Жүйені әкімшілендіру, деректердің сақталуын қамтамасыз ету, деректерге санкцияланбаған қол жеткізуге жол бермеу.
  • «1С:Кәсіпорын» желісі бағдарламаларының құрамдастарын пайдаланатын басқа бөлімшелермен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру, ақпараттың жедел өтуін қамтамасыз ету.