"1С:Кәсіпқой" жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)


1. Сұрақ: "1С:Кәсіпқой" сертификаты деген не?
Жауабы: "1С:Кәсіпқой" сертификаты – бұл "1С:Кәсіпорын" желісінің бағдарламаларын білетінін растайтын ресми құжат, жұмысқа қабылдау кезінде жоғары бағаланады, емтихандардың келесі деңгейіне – "1С:Маман" қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2. Сұрақ: Қалайша кепілдендірілген түрде емтиханды тапсырып, сертификат алуға болады?
Жауабы: Тестілеуден өтіп, "1С:Кәсіпқой" сертификатын алу үшін алдын ала дайындық қажет.
Бұл мыналар болуы мүмкін:

  • «1С:Кәсіпқой» сертификаттау емтиханының сұрақтар жиынтығы шешімдердің мысалдарымен» жинағы. Бұл жиынтықтар сертификаттау көзделген барлық өнімдер үшін шығарылады (кітаптар туралы толығырақ https://books.1c.ru қараңыз).
  • 1С Білім беру орталығындағы көзбе-көз курстар
  • Сертификатталған Оқыту Орталықтарындағы көзбе-көз курстар

3. Сұрақ: "1С:Кәсіпқой" емтиханын тапсыру рәсімі қандай?
Жауабы: "1С:Кәсіпқой" емтиханы – бұл Сертификаттау орталығында тапсырылатын тестілеу. Тест 14 сұрақтан тұрады, екі қатеге ғана жол беріледі, яғни 14 сұрақтың 12-іне дұрыс жауап берсеңіз, "1С:Кәсіпқой" сертификатын асасыз. Емтиханға 30 минут бөлінеді.

4. Сұрақ: Тестілеу нәтижесі қашан белгілі болады?
Жауабы: Нәтиже тестілеу аяқталғаннан кейін бірден белгілі болады. Тапсырма сәтті орындалған жағдайда Сертификаттау орталығына "1С:Кәсіпқой" сертификаты келеді.

5. Сұрақ: Емтиханды қайта тапсыру қанша тұрады?
Жауабы: Емтиханды тапсырудың екінші талпынысы тегін, бірақ бірінші рет сертификаттаудан өткен орталықта ғана.

6. Сұрақ: "1С:Кәсіпқой" емтиханын үйден тапсыру мүмкін бе?

Жауабы: Сіз шағын қаланың франчайзи фирманың қызметкері болған жағдайда ғана мүмкін болады. 1С:Кәсіпқой тестілеуінен өту қағидалары туралы толығырақ мына жерден қараңыз: https://edu.1c.ru/dist/test. Франчайзи фирманың қызметкерлері болып табылмайтын клиенттер және Сертификаттау орталығынан 100 километрден аз жерде орналасқан франчайзи фирмалардың қызметкерлері емтиханды Сертификаттау орталықтарында тапсырады. Толығырақ мына жерден қараңыз: https://1c.ru/prof/acs-list.jsp.

7. Сұрақ: Бір жерде "1С:Кәсіпқой" сынамалық тесттері бар ма?
Жауабы: Иә, қашықтықтан оқыту курстары бар edu.1c.ru сайтында сұрақтардың толық базасын қамтитын оқу тестілеуі ұсынылған және Сіз толығымен тегін түрде өз күшіңізді сынап, тест тапсыра аласыз: https://edu.1c.ru/dist-training/default.asp

8. Сұрақ: Жоғалған сертификатты қалпына келтіру мүмкін бе?

Жауабы: Мүмкін. Сертификатты қалпына келтіру үшін "Сертификатты қалпына келтіру" тақырыбымен training@1c.kz мекенжайына сұрау салу жасаңыз, хаттың мәтінінде Сізге: ТӘА-ны, сертификаттың атауын, шамамен алынған кезін көрсету керек (мысалы, Иванов Иван Иванович, бухгалтерия бойынша "1С:Кәсіпқой" сертификаты, 2008 жылы алынды).

9. Сұрақ: Емтихан жаңа редакцияға ауыстырылғанын қалай білсем болады?

Жауабы: Жаңа редакцияға ауыстырудан бір ай бұрын сұрақтардың жаңа жиынтығын сатудың басталғаны және жаңа редакция бойынша "1С:Кәсіпқой" тестілеуінің басталу күні туралы хабар беруі бар жаңа ақпараттық хат шығарылатын болады. Қазіргі уақытта "1С:Кәсіпқой" емтиханының қандай редакциялар бойынша өткізілетінін мына жерден қараңыз.

10. Сұрақ: "1С:Кәсіпқой" емтиханын өзімнің қабылдауым үшін не істеу керек?

Жауабы: Ол үшін серіктестерге техникалық қолдау бетінде https://partweb.1c.ru/PartnerSupport/PartnerSupportEntry.aspx өтінім беріп, Авторланған Сертификаттау Орталығын құру туралы шарт жасасу талап етіледі. Шарт туралы толығырақ training@1c.kz мекенжайына жазып немесе (7172) 95-42-40 (қос. 5) телефоны арқылы білуге болады.