Сертификаттаудан қалай өту керек


Сертификаттау емтихандарын Авторланған Сертификаттау Орталықтары (АСО) және Сертификатталған Емтихан Орталықтары (СЕО) қабылдайды

Емтихан тапсыру үшін мыналар қажет:

  • Емтиханға өтінім беру.
  • АСО-да емтиханға ақы төлеуге арналған шотты алу. Емтиханның ұсынылатын құны – 9 000 теңге.
  • Емтиханға ақы төлеу және тест тапсырмасына тапсырыс беру. Тапсырмаға тапсырыс беру АСО шотына төлем түскеннен кейін ғана мүмкін болады.
  • АСО шотына төлем түскеннен кейін Сіз үшін жеке тестке тапсырыс беріліп, тестілеу уақыты тағайындалады.

Нәтиже тест тапсырғаннан кейін бірден белгілі болады. Егер тапсырма сәтті орындалған болса, сертификаттау орталығының мекенжайына "1С:Кәсіпқой" сертификаты келеді.

Емтихан компьютерде тапсырылады. Барлық емтихандар үшін тест бағдарламаны пайдаланудың әртүрлі тақырыптары мен аспектілері бойынша 14 сұрақтан тұрады. Әр сұрақ үшін бірнеше жауап нұсқасы ұсынылады, олардың арасынан неғұрлым толық әрі дұрысын таңдау қажет. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін 30 минутқа тең уақыт бойынша жалпы шектеу белгіленеді. Бұл ретте әрбір жеке сұраққа жауап беру уақыты шектелмейді.

Емтихан нәтижесі "Тапсырылды" — "Тапсырылмады" деген екі балдық шәкіл бойынша бағаланады. Оң баға ("Тапсырылды") алу үшін 30 минут болатын белгіленген уақыт шектеуі шегінде 14 сұрақтың 12-сіне дұрыс жауап беру қажет. Сұрақтарға жауап беру тәртібі, жекелеген сұрақтарға жұмсалған уақыт, сұрақтарға жауап беру барысында енгізілетін түзетулер, нақ сол бір сұрақтарға қайта жүгіну — нәтижеге әсер етпейді. Тапсырманың барлық сұрақтарына мерзімінен бұрын жауап беру де нәтижелерді бағалау кезінде ескерілмейді.